Шоу-бизнес әлемі

«Жылатып алдым»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға сезімін білдірді

14:14, 19 қаңтар 2026 81

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен бірге видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі бейнежазбада сүйіктісіне арнап ән орындағанын айтып, жазба қалдырған.

«Ән арнаймын деп жылатып алдым…», — деп жазды ол.

Аталған видео желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, пікірлер екіге бөлінді. Кейбір оқырмандар әншіге бақыт тілеп, қолдау білдірсе, енді бір бөлігі оның таңдауы мен жас айырмашылығына қатысты сын айтты.

Желіде «Сонша жыл жүріп пұшық қыз алмақшысың ба Жігер-ау», «Есейіп ақыл кіреме десем», «Тым жас қыз. Жараспай тұр», «Әкесі мен қызы сияқты көрінеді», «Күбіден түскен сары май құсап еріп тұр ғой» сынды пікірлер жазылды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз