Қызылордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды.
Бұған дейін президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Сыр бойындағы жиында президент Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салатынын хабарлаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың осыған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда;
2025 жылы Бурабайда өткен еді.