Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады. Онда жұмыс орнындағы "жыныстық бопсалау" мәселесі қаралған деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Құжат ашық-нормативтік құжаттар порталында талқыланып жатыр.
Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, жұмыскерлердің 30%-ы этикаға сай келмейтін қарым-қатынасқа тап болған. Мұндай жағдайда шағымдану мен қорғаудың нақты тетігі жоқ. Қазақстан ХЕҰ-ның №190 Конвенциясын ратификациялаған жоқ. Бірақ осы бағытта қозғалуы тиіс, - делінген құжатта.
Яғни, қазіргі Кодексте жыныстық қудалаудың құқықтық анықтамасы, олардың белгілері, шағым беру процедуралары және қорғау шаралары жоқ. Бұл жұмысшыларды жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықтан қорғау мүмкіндігін азайтады.
Заң жобасы авторларының пікірінше, Кодекске өзгерістер енгізілсе, бұл жұмыс берушілерді жыныстық қудалау жағдайларына қатысты шағымдарды қараудың ішкі рәсімдерін әзірлеуге міндеттейді. осылайша, қызметкерлер өз құқықтарын қорғауға қосымша кепілдік алады.