$ 464.77
 541.36
 5.41

Италияда алапат дауыл мен бұршақтан ондаған адам зардап шекті

Редактор
30.08.2026, 11:51
Oxu.Az
Oxu.Az
Табиғи апат жұма күні және сенбінің түнінде күшейген

Италияның солтүстігінде болған алапат дауыл мен ірі бұршақ салдарынан ондаған адам жарақат алды. Қолайсыз ауа райы ондаған ғимаратқа және кемінде 10 мың автокөлікке зақым келтірді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Дауыл Пьемонттан бастап Ломбардия мен Венецияға дейінгі аумақты қамтыды.

По өзенінің аңғарында орналасқан Кремона қаласында торнадо пайда болды. Табиғи апат салдарынан 43 адам жарақат алып, олардың төртеуі әлі де аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Кремонада қатты жел ондаған үйдің шатырын жұлып әкеткен. Сондай-ақ он шіркеу, оның ішінде кафедралды собор да зақымданды. Қалалық әкімдік ғимаратына да залал келген.

Тауық жұмыртқасындай ірі бұршақ автокөліктерді бүлдіріп, мыңдаған ағаш тамырымен қопарылған. Жалпы, қолайсыз ауа райынан кемінде 10 мың көлікке зақым келгені хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау