Интернетте деструктивті діни ағымдардың уағыз-насихаттары самсап тұр. Осыған орай Түркістанда түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында жалпы кездесу дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған. Шара Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Жалғас Жорабектің қатысуымен өтті.
Дінтанушы мамандардың айтуынша, қазір интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен Youtube видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз-насихаттары кең таралған. Осыған байланысты кездесуде әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндалды.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатыны ескертілді.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.