Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына өлең жолдарын арнап, оны өнерін тоқтатпауға шақырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Жаңалықты оқып ап, не дерімді?
Сенбесімді білмедім сенерімді.
Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың,
Көп жастар алар еді сенен үлгі.
Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым,
Мен саған беріп келем берерімді.
Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,
Алла берген тоқтатпа өнеріңді!, - деп жазған Төреәлі Төлепов.
Айта кетейік бұған дейін Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі аккаунтында "бәрін тоқтататқаны" туралы жазған болатын. Осылайша, әнші оқырмандарын ойландырып қойды.