Қоғам

Халықтың Қожабергені ауыр дертке шалдықты

14:37, 07 сәуір 2025 92

«Менің атым Қожа» фильмінде бас кейіпкер Қожабергеннің рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертке шалдықты. Бұл туралы журналист Жанар Қанафина әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, белгілі актерге созылмалы обструктивті өкпе ауруының 4-і дәрежесі қойылған.

Дәрігерлер оған бар болғаны 6 ай ғана өмір сүруге болжам беріп отыр. Қазір Нұрлан Санжарұлына емделуге және аяқталмаған істерін аяқтауға қаржылай көмек өте қажет. Ол журналистика факультетінде сабақ берген, бірақ қазір ауруына байланысты жұмыс істемейді. 75 жаста қайдағы жұмыс? Күніне 14 сағат тыныс алу аппараты астында жатуға мәжбүр болып отырғанда? – деп жазды журналист.

Айта кетсек, әйгілі актер 1967 жылы туған. Ол 12 жасында «Менің атым Қожа» фильмінде бас кейіпкер Қожаның рөлін ойнап, бірден танымалдылыққа ие болды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз