$ 467.98
 533.87
 6.11

«Халықтан кешірім сұрауы керек»: Тұрсынғали Еділов Данияр Елеусіновке қатысты пікір білдірді

Редактор
10.07.2026, 10:34
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Даниярды қолдау керек, ол біздің ең интеллектуалды боксшымыз, дейді ол.

Қазақстанның еңбек сіңірген бокс бапкері, спорт функционері Тұрсынғали Еділов Sports24.kz сайтына берген пікірінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің төңірегіндегі жағдайға қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Еділовтің айтуынша, ол әзірге орын алған оқиғаның барлық мән-жайымен толық таныс емес.

«Даниярды қолдау керек, ол біздің ең интеллектуалды боксшымыз, Олимпиада чемпионы. Мен оның әдейі бір нәрсе жасағанына сенбеймін, иә, мүмкін, бір жерде бірдеңе болып қалды. Мүмкін, отбасылық жағдай немесе қандай да бір стресс болған шығар. Егер бұл шынымен солай болса, мен әлі күнге дейін сене алмаймын», – деді Еділов.

Сонымен қатар, Еділов егер ақпарат расталса, халыққа ашық түрде үн қатқан дұрыс болатынын атап өтті.

«Кешірім сұрау керек, жалпы, батылдық танытып, мойнына алу қажет. Егер бұл рас болса, ол ешқайда қашпайды. Сондықтан ертең бәрі белгілі болады, менің ойымша, дәл қазір батылдық көрсетіп, барша халықтан кешірім сұрау керек. Бар болғаны сол. Жағдайды түсіндіріп айт, бастысы – осы. Халық түсінеді, қалай болғанда да ол – көпшіліктің сүйіктісі, оған кезінде жанкүйер болғандар көп. Ол да ел үшін көп еңбек сіңірді. Менің ойымша, халық түсінеді», – деп түйіндеді ол.

Еділов барлық мән-жай анықталғанға дейін Елеусіновке қолдау көрсету маңызды екенін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау