$ 460.13
 532.6
 5.42

Ертіске батып кете жаздаған бала ғажайып жағдайда аман қалды (ВИДЕО)

Редактор
19.08.2026, 11:52
Видеодан алынған скрин
Видеодан алынған скрин
Баланы өзеннің ағысы алысқа алып кеткен

Семейде Ертіс өзенінде кішкентай бала суға батып кете жаздады. Қауіпті жағдайды алыс маңда атпен серуен құрып жүрген адамдар кездейсоқ көріп қалған, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Оқиға орнына атпен жеткен бірнеше ер адам суға түсіп, баланы қауіпсіз жерге алып шыққан. Осылайша олардың жедел әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.

Олар баланы құтқару сәтін видеоға түсіріп алған. Кадрларда ер адамның баланы судан шығарып, жағаға жеткізгені анық көрінеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау