Аймақ

Елімізде алдағы күндері аяз күшейеді

17:14, 24 желтоқсан 2025 22

Қазақстанда температура - 30 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Ақорда. 

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы белсенді солтүстік-батыс циклоны қозғалады. Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қар аралас жаңбыр түрінде болады. 

26 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін. Ал батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ болады. 27 желтоқсанда циклонның орнына суық батыс антициклоны келеді. Бұл жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Түнде солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде -25…-30°C, ал шығыста -22…-30°C дейін аяз болады, - деп жазылхан хабарламада.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз