Кеше Сарыарқаның жүрегі - Қарағанды қаласында қазақтын талантты ақыны Серік Ақсұнқардың мерей тойы өтті. Бұл той тек осы өңірдің тойы емес, бүкіл қазақ елінің мерекесі болды деуге әбден болады, – деп жазды Бигелді Ғабдуллин.
Айта кетейік, Серік Ахметов 2012 жылдан 2014 жылға дейін Премьер-министр қызметін атқарды. Одан кейін Қорғаныс министрлігін басқарған болатын. 2015 жылы оған аса ірі көлемде пара алды, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, бюджет қаражатын жымқырды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айыптар тағылды. 2017 жылы Ахметов жазаның бас бостандығын шектеуге, яғни шарттыға ауыстырылуына байланысты түрмеден босатылды. Содан бері экс-премьер көпшілік алдында көрінбей кеткен болатын.