ҚР Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желіде күтпеген жазба жариялады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
«Еркіндік, Санчо, – адамға Жаратқанның берген ең қымбат сыйларының бірі. Онымен жердің қойнауындағы да, теңіздің түбіндегі де ешбір қазына теңесе алмайды. Еркіндік үшін де, ар-намыс үшін де адам қажет болса өмірін қатерге тігуі тиіс. Ал құлдық – адам баласының басына түсетін ең ауыр қасірет. Мигель де Сервантес. «Дон Кихот», деп жазды Еділ Жаңбыршин.
Экс-депутат Сервантестің «Дон Кихотынан» үзінді келтірген. Айта кетсек, бүгінгі "Әділет" партиясының сьезінен кейін Мәжілісте елге танымал болған бірқатар депутаттың тізімге енбей қалуы желіде түрлі пікірталас тудырған еді.