$ 464.77
 541.36
 5.41

«Денелерінде пышақ іздері жоқ»: БАӘ-де жұмбақ жағдайда қаза тапқан апалы-сіңлілі жер қойнына тапсырылды

Редактор
01.09.2026, 08:39
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Қазір қыздардың нақты неден және қандай жағдайда көз жұмғаны анықталып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлі Ақжан мен Жұлдыз Боханованың мәйіті елге жеткізіліп, туыстары оларды мұсылман дәстүрімен соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

20 және 22 жастағы қыздар БАӘ-ге жұмыс істеп, ақша табу үшін барған. Туыстарының мәліметінше, олар сұлулық саласында еңбек еткен. Бірнеше күн бойы байланысқа шықпаған апалы-сіңлінің денесі кейін жалдап тұрған пәтерінен табылған.

28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың мәйітін елге жеткізуді ұйымдастырды.

"Желіде шыққан ақпараттарға сенбеңіздер. Ешқандай да  денелерінде пышақ іздері жоқ. Мен өзім жаңа мәйіттер келгеннен кейін ашып қарадым. Қайтыс болу себебі жүрек талмасынан деп көрсетілген. Алайда бөгде зат қолданылмаған ", - деді марқұмдардың әкесі.

Қазір қыздардың нақты неден және қандай жағдайда көз жұмғаны анықталып жатыр. БАӘ құқық қорғау органдары тергеуді жалғастыруда. Қазақстандық дипломаттар жергілікті прокуратура және басқа да құзырлы органдармен байланыста.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау