H тобының үшінші турындағы кездесу АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Эн-Ар-Джи» стадионында өтті. Матч барысында есеп ашылған жоқ – 0:0, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ойын статистикасы бойынша Кабо-Верде құрамасы шабуылда белсендірек болды. Команда 15 соққы жасаған, ал Сауд Арабиясы жеті рет қақпаға бағыттаған. Дегенмен қақпаға дәл тиген соққылар саны бойынша саудиялықтар басым түсті – 3:2.
Бұл Кабо-Верденің топтық кезеңдегі қатарынан үшінші тең ойыны болды. Үш ұпай жинаған африкалық құрама H тобында екінші орын алып, әлем чемпионатындағы дебюттік маусымында-ақ плей-офф кезеңіне жолдама иеленді.
Енді 1/16 финалда Кабо-Верде турнирдің қазіргі чемпионы Аргентина құрамасымен кездеседі.
Ал екі ұпай еншілеген Сауд Арабиясы қосымша көрсеткіштер бойынша Уругвайдан қалып, төртінші орынмен жарысты аяқтады.