Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері продюсер Баян Мақсатқызы (Алагөзова) мен әнші Меруерт Түсіпбаева сынына «мысқылмен» жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әнші Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың тарихи және мәдени мәні зор ұлттық жобаларға жетекшілік етуіне байланысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, продюсердің қазақ тілін жетік меңгермеуі, сондай-ақ дәстүр мен мәдениетті терең түсінбеуі – мұндай жобаларды сапалы атқаруға жеткіліксіз.
Тағы оқыңыз: «Баян ба, қоян ба, маған бәрібір»: Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың деңгейіне күмән келтірді
«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ұлттық классикаларды түсіруге дәстүр мен тілді шынайы түсінетін кәсіби мамандар тартылуы тиіс», – деген болатын Түсіпбаева.
Продюсер Баян Мақсатқызы өзіне бағытталған сынды назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Instagram желісінде қысқа әрі нақты жауап берді.
«Адам неғұрлым дарынсыз болса, соғұрлым оның талаптары көп болады», – деп жазды Алагөзова.