$ 464.77
 541.36
 5.41

«Былапыт сөз салдарсыз қалмауы тиіс»: Анар Фазылжан блогерлердің жазалануына қатысты пікір білдірді

Редактор
31.08.2026, 19:16
видеодан алынған скрин
видеодан алынған скрин
Анар Фазылжанның пікірінше, интернеттегі сөз мәдениетіне немқұрайды қарауға болмайды

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан интернетте былапыт сөз қолданған азаматтарды жауапкершілікке тарту тәжірибесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады  Вairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде әдепсіз, былапыт сөздерді қолдану салдарсыз қалмауы керек. Сондықтан мұндай әрекетке барған адамдарға заңда көзделген жауапкершілік шараларын қолдануды орынды деп санайды.

Анар Фазылжанның пікірінше, интернеттегі сөз мәдениетіне немқұрайды қарауға болмайды. Қолданушылар көпшілікке жариялаған сөзі үшін жауапкершілік бар екенін түсінуі қажет.

Сонымен қатар ол тиісті шаралардың қолданылуы басқа интернет қолданушылары үшін де ескерту болатынын атап өтті. Яғни жауапкершілікке тарту желідегі әдеп нормаларын сақтауға және былапыт сөздердің таралуын тежеуге ықпал етуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау