Бұл туралы Қазақпарат агенттігі жазды. Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан Қытаймен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға дайын.
Президент бүгінде Қытай Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орында тұрғанын атап өтті. Екі ел арасындағы ықпалдастық сауда мен инвестициядан бөлек, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, медицина, ғылым және білім салаларын қамтиды.
Сондай-ақ Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, шекаралық рәсімдерді цифрландыруға және жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылатынын айтты.
Бұдан бөлек, визасыз режим екі ел арасындағы туризмге серпін берген. Президент келтірген дерек бойынша, 2025 жылы Қазақстанға 962 мың қытайлық турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 47 пайызға көп.