$ 458.87
 535.09
 5.42

БҚО-да негізгі капиталға салынған инвестиция 13%-ға өсті

Редактор
27.08.2026, 19:32
дереккөз
дереккөз
Жоба 15 қыркүйекке дейін бюджет комиссиясына, 1 қазанға дейін облыс әкімдігіне енгізіледі

БҚО-да негізгі капиталға салынған инвестиция 13%-ға өсті. Бұл жөнінде Үкімет отырысында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады. Әкім селекторлық режимде қатысты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы туралы» заң жобасы және алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

БҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жобасы тиісті қағидаларға сәйкес әзірленіп, қажетті ақпараттар жинақталуда. Жоба 15 қыркүйекке дейін бюджет комиссиясына, 1 қазанға дейін облыс әкімдігіне енгізіледі. Мақұлданғаннан кейін тиісті құжат мәслихаттың қарауына ұсынылады.

Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,9%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 17,3%-ға артып, 265,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар ішкі сауда мен жұмыспен қамту бағыттарында да тұрақты даму қарқыны байқалады.

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен қатар, өңірде жылыту маусымына дайындық жұмысы да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда әлеуметтік нысандардың әзірлігі 96%-ды құрады. Бюджеттік ұйымдарға қажетті көмірдің 95%-ы жеткізілді.

Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дайындау бағытында да ауқымды жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, электр желілерінде (947 шақырым), газ желілерінде (358,7 шақырым), жылу желілерінде (15,6 шақырым), сумен жабдықтау және су бұру желілерінде (9,5 шақырым) жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімі өңірдегі сала жетекшілеріне жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды және анықталған мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Сондай-ақ жергілікті жауапты құрылымдар мен басқарма басшыларына әлеуметтік нысандардың, тұрғын үй қорының және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның қысқы кезеңге толық әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау