$ 471.45
 547.21
 6.63

Біздің  бабаларымыздың  еңбегі  ұрпаққа  аманат  болып  қалды

06.05.2026, 08:00
Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Мамыр  айы — қазақ халқы  үшін айбын  мен  ерліктің символы. 

Биылғы жылы біз адамзатты  фашизмнен  құтқарған Ұлы жеңіске 81 жыл толуын және  еліміздің  тірегі  Қарулы  Күштеріміздің  құрылғанына 34 жыл толуын атап  өтудеміз.

Біздің  бабаларымыздың  еңбегі  ұрпаққа  аманат  болып  қалды. 81 жыл бұрын  жаңғырған  Жеңіс  күні  біздің  ата-бабаларымыздың  қанымен, терімен  және  мұқалмас  қажыр - қайратымен  келді. Қазақ  жауынгерлері Мәскеу  түбінен  бастап, Берлинге  дейін  қаһармандықтың  үлгісін  көрсетті. Әлия  мен  Мәншүк, Бауыржан  мен  Талғат, Рақымжан  мен  Қасымның есімдері  бүгінгі  жас  сарбаздар  үшін   нағыз   патриотизм   мектебі  болып қала  береді. Бұл  мереке — тек  өткенді  еске  алу  емес, бейбітшіліктің қаншалықты   қымбат  екенін  ұғындыратын   тарихи  сабақ.

Қарулы   Күштер — жастардың  Тәуелсіз  болуының  кепілі. Осы   ерлік  жолы  бүгінде    Қазақстан   Республикасының  Қарулы  Күштерімен  жалғасып  жатыр. Осыдан  34  жыл   бұрын  Тұңғыш  Президентіміздің  жарлығы  бойынша   төл   әскеріміз  бүгінде  заманауи  техникамен  жабдықталған, кәсіби  деңгейі  жоғары  айбынды  күшке  айналды.                                

7 - мамыр  — Отан  қорғаушылар  күні  ретінде  мемлекеттің  қауіпсіздігін  күзеткен, шекараны  шегендеген  сарбаздар мен  офицерлердің  мерейін  асырды. Бұл  екі  мерекенің  мамыр  айында  қатар  келуінің  терең  мағынасы бар. Ұлы  Жеңіс  бізге  бейбіт  аспан  сыйласа, Қарулы   Күштеріміз  сол аспанды  ашық  болуын  күзетіп  жүр. Бүгінгі  ұрпақ —   сол  аға  буынның қаһармандық  жолын  лайықты  жалғастырушы. 

Біз, жас ұрпақ, ата - бабаларымыздың  ерлігін  мақтан  тұтып, елімізді құрметтеуіміз  керек. Тәуелсіз  Қазақстанның  болашағы — білімді де отансүйгіш  жастардың  қолында. Сондықтан  әрқашан  елге  адал  қызмет етіп, бейбітшілікті  бағалай  білуіміз  қажет.

Біз  ардагерлерімізге  шексіз  алғыс  айта  отырып,  бүгінгі  Отан қорғаушыларға  мықты  денсаулық  тілейміз.  Еліміздің іргесі берік, аспанымыз  әрдайым  ашық  болсын!                                                             

Асқар Ерасыл, Бауыржан Момышұлы атындағы

дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған  

әскери мектеп- интернатының 7 Б сынып кадеті