$ 464.77
 541.36
 5.41

Биыл Шымкентте қай мамандық иелеріне мемлекеттік грант көп бөлінді?

Редактор
31.08.2026, 10:31
Eduard Perez / pexels
Eduard Perez / pexels
Бүгінгі таңда сапалы білім мен шынайы тәжірибені ұштастырған білікті мамандарға деген сұраныс ерекше жоғары

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту, жастарды сұранысқа ие мамандықтарға баулу бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығындағы тапшылықты жоюдың негізгі құралына айналып отыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Шымкет қалалық білім басқармасының мәліметінше, өткен 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мегаполистегі 37 колледжде 49 185 студент білім алды. Олардың ішінде 13 508 түлек оқуын сәтті аяқтап, үлкен өмірге жолдама алды. Қазіргі таңда бұл жас мамандарды жұмысқа орналастыру бағытында қарқынды шаралар жүргізілуде. Студенттердің диплом алғаннан кейін далада қалмауы үшін қаладағы 1 420 кәсіпорынмен тығыз серіктестік орнатылған. Бұл әріптестік жас мамандардың бірден өз мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орнын табуына кепілдік береді.

Білім беру саласындағы ең сәтті жобалардың бірі – дуальды оқыту жүйесі болып отыр. Теориялық білімді өндірістік практикамен ұштастыру студенттердің кәсіби дағдысын арттыруға тікелей әсер етуде. Мәселен, 22 колледжде 668 кәсіпорынның қатысуымен 10 мыңнан астам студент дуальды оқыту форматымен қамтылды. Сонымен қатар, 14 колледж 63 кәсіпорынмен 72 арнайы меморандумға қол қойып, бұл өндіріс орындары білім беру мекемелерін шефтік қамқорлыққа алды. Бұл дегеніміз – студенттердің оқу барысында-ақ болашақ жұмыс орнының талаптарына сай бейімделуіне толық мүмкіндік бар деген сөз.

Жаңа 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік қолдау көлемі де айтарлықтай артты. Атап айтқанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 6000 орын бөлінді. 

Сонымен бірге, шаһардың еңбек нарығындағы нақты қажеттіліктерді ескере отырып, жоғары білімді мамандарды даярлауға да баса мән берілуде. Осы мақсатта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы әкімдік гранты бөлінді. Қала әкімдігі тарапынан берілетін 285 грант орны еңбек нарығында ауадай қажет ең өзекті мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

Бұл бастамалардың барлығы жастардың тегін әрі сапалы білім алып, болашақта тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуіне бағытталған мемлекеттік саясаттың жемісті нәтижесін көрсетеді.