YouTube

Бюджетке салық төлеуден жалтару – мәдениетсіздік - Құлекеев

14:23, 01 қыркүйек 2025 72

«Еrbol Seilkhan» YouTube арнасының кезекті қонағы – қоғам қайраткері, белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев.

Қонақ туралы

Жақсыбек Құлекеев – кезінде Экономика министрлігін, Есеп комитетін, Статистика агенттігін басқарған. Қазір Президент жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының мүшесі. Яғни, экономикадағы сан қатпарлы проблемаларды айтып қана қоймай, оның нақты шешімін де ұсына алатын білікті сарапшы.

Сұхбатта не талқыланды?

Қазақстан экономикасын алда не күтіп тұр?
Жарқын болашақ па, әлде дағдарыс па?
Ел экономикасының өсімін қарапайым халық қашан сезінеді? Ұлттық қор, бюджет дефициті, мұнайсыз Қазақстан, әлемдік экономикадағы сауда соғысы сияқты маңызды тақырыптарды талқыладық. Спикер басқа да өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірді. 

Ресми статистика мен шынайы өмірдегі халық тұрмысында алшақтық бар ма? 

«Қазақстан кедей ел ме?» деген сұраққа Жақсыбек Құлекеев:
«Күнде той тойлап жүрген қазақты қалай кедей дейсің?» – деп өзіме қарсы сұрақ қойды.
Ойланып қалдым, бірақ тосылып қалған жоқпын. 

Сұхбаттың толық нұсқасын көріңіз! 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз