$ 446.56
 512.34
 5.3

Бір күнде екі әкім орнынан босатылды: Ақмола облысында кадрлық өзгеріс

Редактор
21.09.2026, 14:12
коллаж
коллаж
Ақмола облысында екі бірдей әкім қызметінен босатылды

Ақмола облысында Степногорск қаласы мен Аршалы ауданының әкімдері қызметінен босатылды. Тиісті шешімді облыс әкімі Марат Ахметжанов қабылдады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжанов лауазымдарынан босатылған.

Тиісті өкімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бүгін, 21 қыркүйекте қол қойған.

Алайда ресми хабарламада екі әкімнің бір күнде қызметтен кетуіне не себеп болғаны нақтыланбаған.

Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов Степногорск қаласының әкімі болып 2024 жылғы 13 қарашада тағайындалған. Ол бұл қызметті екі жылға жуық атқарды.

Ал Достанбек Берікұлы Есжанов Аршалы ауданының әкімі лауазымына 2024 жылғы 9 желтоқсанда тағайындалып, содан бері ауданды басқарып келген.

Әзірге олардың орнына кімдердің тағайындалатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.