Шоу-бизнес әлемі

«Баланың жағдайына қарамай, қолымнан жұлып әкетті»: Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі тың дерекпен бөлісті (ВИДЕО)

02:00, 21 тамыз 2025 17

Белгілі журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы жары Айғаным Болатқызы Instagram парақшасында резонанс тудырған бейнежазбаларды жариялап, сот процесі мен жеке өміріндегі ауыр сәттерді ашық жеткізді, деп жазады Skifnews.kz.

Айғанымның сөзінше, бірнеше бейнежазбада баласын әкесінің "өзім ұйықтатамын" деп күштеп әкеткен сәттері көрінеді.

"Жанымның қатты ауырған сәттері… Осындай видеолар аз емес. Амалдың жоқтығынан дәлелім болсын деп түсіріп алғамын", – деп жазды ол.

Желіде қызу талқыға түскен жазбаларда ол қарсы тараптың жалған сараптамалар жасатып, сотқа қысым көрсеткенін де айтады.

"Мен медиативке келісіп, тыныштық сұрадым. Бірақ бар мақсаты – менен ақша өндіру. Баламды ауру деп айыптауға дейін барды", – дейді ол.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы дау қоғамда екіұшты пікір тудырды. Бір бөлігі Айғанымды қолдап, "баласы үшін күресіп жүрген анаға" тілектестігін білдірсе, енді бір бөлігі "жеке жағдайды халық алдына шығарудың қажеті жоқ" деп сын айтты.

Айғаным Болатқызы сот әділ шешім шығармаған жағдайда, "біртіндеп бар шындықты жариялайтынын" атап өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз