$ 467.98
 533.87
 6.11

Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Редактор
09.07.2026, 11:30
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Қазір ол тиісті ем қабылдап жатыр. 

Бүтін бір отбасының өліміне кінәлі деген күдікпен сотта жауап беріп жатқан Сұлтан Сарсемалиевтің бұрынғы әйелі, марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мұны Атырау облыстық прокуратурасы оның қанды қылмысты жасырғаны дәлелденбегенімен байланыстырады.

Облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлейменнің мәліметінше, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевтің жасаған қылмысын жасырды деген күдікті растайтын жеткілікті дәлелдер анықталмаған.

Дегенмен құқық қорғау органдары оның бұрынғы жұбайының аса ауыр қылмысын жасырған болуы мүмкін деген күдікпен істі бөлек өндіріске бөліп, тергеуді жалғастырған еді. Қазір бұл іс те тоқтатылды.

Прокуратура ақпаратына сүйенсек, Алматыда жүргізілген стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылау жүргізу және қосымша дифференциалдық диагностика қажет деп танылған. Қазіргі уақытта ол тиісті ем қабылдап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау