Астанада танымал боксшы Данияр Елеусінов ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, боксшы жол апатын түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция департаменті екі көліктің соқтығысқанын растады. Жол апатына Toyota Land Cruiser жүрізушісі кінәлі болды.
"Ол оқиға орнынан қашып кетті. Бірақ шұғыл іздестіру шаралары барысында көлік анықталып, Достық көшесінде тоқтатылды. Рөлде мастықтың белгілері бар 35 жастағы ер адам отырды", - дейді полицейлер.
Жол апатында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Соның нәтижесінде джип жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Осы орайда полицейлер заң алдында бәрі бірдей екенін де ерекше атап өтті.