Аймақ

Астанада екі аяғынан айырылған 8 жасар қыздың отбасына баспана берілді

17:50, 22 желтоқсан 2025 21

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек маусым айының басында Астанада болған автобус апатының салдарынан екі аяғына ампутация жасалған 8 жасар Алуа Бекеннің отбасына уәде етілген баспана берілгенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әкім Алуаның отбасымен жеке өзі кездескенін атап өтті. Оның сөзінше, әкімдік медициналық көмек көрсеткен.

Қала әкімінің мәліметінше, №1 автобус паркі жәбірленушінің отбасына шамамен 20 млн теңге төлеген. Сондай-ақ қаладағы демеушілер де қосымша қаражат берілген.

Уәде берілген пәтер де берілді. Қазір пәтерде жөндеу жұмыстары басталды. Әкімдік қазір тұрып жатқан үйді жалдау ақысын төлеп жатыр. Бала қазір мектепке барып жүр. Білім ордасы да бәрін түсініп, көмігін көрсетуде, - деп айтты әкім брифингте.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз