$ 480.72
 548.07
 6.14

Астанада балмұздақ жеген бүлдіршін жансақтау бөліміне түсті

Редактор
01.07.2026, 12:23
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Мамандардың айтуынша, балмұздақтан улану бойынша басқа өтініш немесе шұғыл хабарлама түспеген.

Астаналық тұрғын баласының балмұздақтан уланғанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау депаратментіне сілтеме жасап.

"Балам балмұздақтан уланды" деген шағымын астаналық Айгүл Көпжасар әлеуметтік желіде жазды.

"Менің балам балмұздақ жеген, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Менің ойымша, балам балмұздақтан уланды. Қазіргі күні санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің нәтижесін күтіп отырмыз. Жансақтау бөлімінде барлық балалар ішек инфекциясымен жатыр, сақ болыңыздар. Мұнда тағы бір бала балмұздақ жеп, ауруы асқынып түсті. Бірақ басқа брендтің балмұздағын жеген", - дейді әйел.

Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұқамғали Арыспаев ата-анадан өтініш түскенін айтты.

"е-Өтініш" ақпараттық жүйесі арқылы балмұздақ жегеннен кейін улану фактісі бойынша бір өтініш келіп түсті. Өтініш қабылданды, департаменттің бақылауында. Қарау заң талаптарына сәйкес жүргізіледі", - дейді Мұқамғали Арыспаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әйел шағымданған брендтің балмұздағына байланысты улану немесе ішек инфекциясы фактілері бойынша медициналық мекемелерден өзге өтініштер немесе шұғыл хабарламалар түспеген.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау