Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде иесінің рұқсатынсыз сүріліп жатқан үйдің видеосын жариялады, деп жазады bairaqmedia.kz.
Астанадағы үйді сүруге әрекет жасалған кезде ішінде кішкентай балалар болған. Үй иесі Гүлмира Тлеубаеваның айтуынша, сол сәтте өзі де, күйеуі де үйде болмаған. Дәл сол уақытта арнайы техника үйді бұза бастаған.
«Дәл менің балаларым жатқан бөлменің төбесін бұзған мына кісілер, екі балам шошып оянған», - дейді ол видео жазбада.
Сондай-ақ, әйел болған жайтқа наразылық білдіріп, биліктен осы жағдайға назар аударуды сұрайды.