Астанада автобус теміржол өткелінде локомативпен соқтығысып, артынша жеңіл автокөлікке соғылған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әлеуметтік желілерде көлік апаты орнынан түсірілген видео тарады. Желіні пайданушылардың пікірінше, оқиға «Вагонозавод» аялдамасы маңында, Орман зауыты ауданында болған.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 маусым күні тіркелген.
«Ивеко» маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Тайбурыл ауданындағы теміржол өткелінен өту кезінде локомативке жол бермеген. Соққы салдарынан «Ивеко» автобусы инерция күшімен «Хюндай» автокөлігіне соғылған, — деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, автобус жүргізушісі тексерістен кейін амбулаторлық емделуге жіберілді.