$ 461.39
 534.75
 5.45

Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты

Редактор
18.08.2026, 11:08
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Полицияның мәліметінше, істің негізгі нұсқаларының бірі — суицид

Астанада қайғылы жағдай тіркелді. Роза Бағланова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден құлаған қыз алған ауыр жарақатынан қаза тапты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оқиға 17 тамыз күні кешкі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз тұрғын үйдің 22-қабатындағы терезеден құлаған.

Оқиға орнына жедел қызметтер келгенімен, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Астана қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицияның мәліметінше, істің негізгі нұсқаларының бірі — суицид.

Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен оған дейінгі жағдайларды анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау