Әлеуметтік желіде Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін ауқымды іс-шаралар кезінде көшелерді жабу бойынша нақты кесте жасалды деген хабар тарады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Елорда әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, оны жоққа шығарды.
"Астана қаласында 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа сай келмейді. Нақты уақыт аралықтары мен көшелер тізімі көрсетілген мәтіннің сенімсіз екеніне назар аударамыз", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше осыған дейін жолдың жекелеген учаскелерінде ғана қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін екендігі хабарланған.
"Осылайша, күні, уақыты және көшелері бойынша бөлінген хабарлама ресми болып саналмайды және шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, сондай-ақ тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз", - дейді әкімдік қызметкерлері.