$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Аспаннан доллар жауды: Астанада тұрғын үй кешенінің терезесінен бір чемодан ақша лақтырылған

Редактор
12.11.2026, 11:51
ЖИ
ЖИ
Чемодандардағы ақшаның нақты сомасы, купюралардың түпнұсқалығы мен иесі әзірге белгісіз

Астананың Қонаев көшесінде, Atlant-6 тұрғын үй кешенінің маңынан чемоданға толы доллар купюралары табылды. Әлеуметтік желіде тараған видеода тротуарға шашылған ақша мен бірнеше сөмке көрінеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оқиға туралы «102» нөміріне хабар түскен. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі аталған жерге полиция барғанын, ал ұстау шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізгенін хабарлады.

Чемодандардағы ақшаның нақты сомасы, купюралардың түпнұсқалығы мен иесі әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейбір ақпарат көздері, Астанада Ұлттық компаниялардың екі басшысының ұсталғанын жазып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау