$ 480.72
 548.07
 6.14

«Аскеннің соңғы курсы»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің соңғы шәкірттерін қара шаңыраққа шақырды

Редактор
01.07.2026, 09:29
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Төрт жыл бойы оның тәлімін көрген жастар академияны аяқтап, өз жолын бастауға дайын болды, дейді ол.

Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, өнер иесінің соңғы шәкірттеріне ақ тілегін арнады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бағдат Әшімованың айтуынша, төрт жыл бойы Асанәлі Әшімовтен дәріс алған студенттер оқуын аяқтап, жаңа өмір кезеңіне қадам басқан.

«Бұл – Аскеннің соңғы курсы. Төрт жыл бойы оның тәлімін көрген жастар академияны аяқтап, өз жолын бастауға дайын болды. Аскен ортамызда болмаса да, оның қара шаңырағынан бата алып аттанғанын қаладым. Сол себепті түлектерді қазақы дәстүрмен шаңырағымызға шақырдым. Қара шаңырақтан берілген ақ бата олардың өнердегі жолын ашып, қадамын нық етсін», – деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау