Мұқағали Мақатаевтың ұлы әлеуметтік желіде әкесін «сорлы еркек» деп атаған блогер Әлішер Теменге кешірім берді. Бұл туралы іс материалдарында жазылған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Тергеу барысында жәбірленуші Жұлдыз Мақатаевтан сотталушымен татуласуына байланысты Әлішер Теменді қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтінішхат түскен. Жәбірленуші өтінішхатты өз еркімен ұсынып отырғанын, ешқандай қысым көрсетілмегенін, сотталушыға қоятын кінәсі жоқ екенін айтқан.
Ал, блогер өтінішхатты қолдап, тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, қылмыстық істі жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартуды сұраған.
Біз өзара келістік. Сондықтан істі тоқтатуыңызды сұраймын. Қазір көлігімде 2 миллион теңге бар. Тағы 1 миллион теңгені он күннен кейін беремін. Әзірге көліктің кілтін қалдырамын. Қалған соманы берген соң көлікті қайтып аламын, – деді айыпталушы.
Судья үкім шығаруға кеткенде Әлішер Теменов Жұлдыз Мақатаевтың қолына 2 миллион теңгені ұстатып, көліктің кілтін табыстады.
Сот тараптардың пікірін ескеріп, Теменнің қылмыстық әрекеттері қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (қорлау), яғни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып әдепсіз түрде кемсіту деп дұрыс сараланған және толық дәлелденгенін айтқан.
Алайда, оған қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылып, блогер қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Еске салсақ, қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2025 жылдың 2 мамырында