Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып тұр. Осыған байланысты Астанада 14 шілдеде соңғы 34 жылдағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, елордада ауа температурасы +38,6°C-қа дейін көтеріліп, осы күнге қатысты бұрынғы рекордты жаңартқан.
Мамандардың хабарлауынша, бұған дейін 14 шілдедегі ең жоғары температура +35,3°C болып, 1992 жылы тіркелген. Биылғы көрсеткіш аталған рекордтан 3,3 градусқа жоғары болды.
Осылайша, 2026 жылғы 14 шілде Астанадағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық күндердің бірі ретінде тіркелді.