$ 477.11
 545.58
 6.2

«Алыпқашпа сөздерден гөрі, өзім айтқаным дұрыс»: Мадина Ералиеваның сіңлісі оның соңғы өтінішін айтты

Редактор
14.07.2026, 12:01
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Мәдина Ерәлиева өмірден озарынан шамамен жарты жыл бұрын аян түстер көре бастаған.

Марқұм әнші Мәдина Ерәлиева туралы өнердегі әріптесі Сағира Ерәлиева әлеуметтік желіде әсерлі естелігімен бөлісті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Сағира Ерәлиеваның айтуынша, Мәдина Ерәлиева өмірден озарынан шамамен жарты жыл бұрын аян түстер көре бастаған.

"Мәдинаш шамамен жарты жылға жуық аян түстер көре бастаған... Бірін айтса, бірін айтпады... Бір күні Арыстан-баб түсіне кіріп, "келмейсің бе, күтіп отырмыз ғой" деген дауысын естіген Мәдинаш таңертең машинасына отырып, кесенесіне Құран бағыштауға тартып отырған. Байқасаңыз, суретте қобалжып отыр... Ойлап отырсам, жарты жылға жуық дайындалып жүріпті... Мешітке жиі барып, маған Құран кітапшаларын әкеле бастады. "Мешітке бардым, мамаға Құран бағыштадым" десем, "дұрыс-дұрыс, Құран бағыштап тұр" деп қуанып қалатын. Кейбір ескертулеріне, сөздеріне қарап "бұған не болған, қартаяйын деген бе?" деп ойлап қоятынмын...", – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол әншінің соңғы күндеріндегі кейбір әрекеттері кейін өзіне ерекше ой салғанын айтты.

"Сол жолы жолға шығуға екі-үш күн қалғанда жүгіріп жүріп балаларыма, өзіме 4-5 жылға жететіндей (қалың, жұқа) киімдер алып, оқуымның ақшасын төлеп тастады. Асығып, басыма қалың бас киім іздеді. Бір-екі апта бұрын үйімнің жанына гараж құрғызып, Арсеннің бір машинасын, "керек емес" дегенімізге қоймай гаражға кіргізіп кетті... Арсен екеуміз соңғы сапарға шығарып салып тұрғанда, "Арсеннің қасында өзің болшы", – деді. Мен бірақ суық хабарды естігенде өз үйімде жүргенмін..! Құрметті достарым, Мәдинаштың қазасына байланысты небір алыпқашпа сөздерден гөрі, өзімнің айтқаным дұрыс деп шештім...", – деп жазды Сағира Ерәлиева.