$ 488.37
 559.77
 6.64

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

Редактор
23.06.2026, 09:20
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Сотталушы Пак өмір бойына жүргізуші куәлігінен (көлік басқару құқығынан) айырылды.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Zeekr жүргізушісі кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Еркін Майшинов 32 жастағы Александр Пакке үкімді жариялады:

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды⁠. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сотталушы Пак өмір бойына жүргізуші куәлігінен (көлік басқару құқығынан) айырылды.

Қаза тапқан қыздың әкесіне тиесілі талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 10 миллион теңге көлемінде өтемақы белгіленді.