Америкалық рэпер Канье Уэст (YE) Алматыдағы өнер көрсетуінен кейін 10 және 11 қазанда Санкт-Петербургте екі концерт өткізеді. Бастапқыда әртіс Мәскеудегі «Лужники» стадионында өнер көрсетуі керек болған. Алайда ұйымдастырушылар жаңбыр жауу қаупіне байланысты концертті өткізуден бас тартқан, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концерттер «Газпром Аренада» өтеді. Бұл туралы Say Agency хабарлады.
Ұйымдастырушылар Санкт-Петербургтегі концерттерге билеттерді сату туралы хабарландырулар қосымша тексеруден өтетінін де мәлімдеді. «Авито» өкілдері мұндай жарияланымдардың сенімділігі қолмен тексерілетінін айтты.
Канье Уэст рэпер, продюсер және ән авторы ретінде танымал. Оның The College Dropout атты дебюттік альбомы 2004 жылы жарық көрді. Әртістің ең танымал жұмыстарының қатарында Late Registration, Graduation, 808s & Heartbreak, My Beautiful Dark Twisted Fantasy және Yeezus альбомдары бар. Ол шығармашылық жолында 24 «Грэмми» сыйлығын иеленген.
Еске салайық, шоудың басты ерекшелігі стадионның ортасына орнатылған алып шар тәрізді құрылым болды. Әртіс дәл осы құрылымның үстінде сақтандыру арқанының көмегімен өнер көрсетті.