$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58

Алматыдағы бес адамның өмірін қиған өрт: 37 жастағы әйел ұсталды

Редактор
28.11.2026, 17:36
Коллаж
Коллаж
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 37 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматыда бес адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған баланың өмірін қиған өртке байланысты 37 жастағы әйел күдікті ретінде ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде жасалған қасақана өрт қою себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, әйелдің жүрген бағытын қалпына келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 37 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде қасақана өрт қою себеп болған», – деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаменті.

Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт туралы хабарлама 112 пультіне сағат 03:44-те түскен. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың арасында бала да бар.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау