Алматыда полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрі жасырылған орынды анықтады. Құпия қойма Дархан шағынауданында, өзенге жақын маңнан табылған, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Мегаполистің құқық қорғау органдарының мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасырын орыннан бірнеше қару мен оқ-дәрі тапқан.
«Жасырын орында тұтас арсенал болған. Полиция қызметкерлері газ тапаншаларын, граната, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтықтардың шолақ түрлерін анықтады», – деп хабарлады ведомство.
Табылған барлық зат сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қару-жарақтың шығу тегі мен кімге тиесілі екенін, сондай-ақ жасырын қойманың қандай жағдайда және қашан жасалғанын анықтайды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.