Алматыда іздеуде жүрген жасөспірім табылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған bairaqmedia.kz.
ПД-ның мәліметінше, жасөспірім Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері және криминалдық, ювеналдық полиция жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында табылған. Қазіргі таңда жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.
"Бұған дейін хабарланғандай аталған жасөспірім үйінен бірнеше рет кетіп қалып жүрген. Табылған сәтте ол тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде болып, қаңғыбастықпен айналысқан.
Жасөспірім анасына тапсырылды. Отбасымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, материалдар ювеналдық полицияның бақылауына алынды", - делінген хабарламада.
Алматы қаласының полициясы іздестіру жұмысына белсенді атсалысқан еріктілер мен бейжай қарамаған азаматтарға алғыс айтады.