Алматы облысының Талғар ауданында Солтүстік Севрцев мұздығы маңынан туристер тапқан адамның денесі таудан эвакуацияланды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
Адамның денесін таулы аймақта жүрген туристер шамамен 3400 метр биіктіктен байқаған. Оқиға туралы олар Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарлаған.
Құтқарушылар жетуі қиын таулы учаскеге барып, мәйітті қауіпсіз жерге түсірді. Эвакуация жұмыстарына «Қазавиаспас» АҚ-ның тікұшағы тартылды.
Эвакуациядан кейін марқұмның денесі Алматы облысының жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазір оның жеке басын анықтау және қаза болу мән-жайларын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.