Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жол апаты 26 маусым күні кешкі уақытта Алматы – Өскемен тасжолының 432-шақырымында болған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.
Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілуде.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жол апатының себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты жағдайға сай таңдауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.