$ 488.37
 559.77
 6.64

Алматы облысының конкурдан чемпионаты өтеді

Редактор
23.06.2026, 09:19
Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысы әкімдігі
 Ат спорты мерекесінің ерекше атмосферасы. 

2026 жылғы 27 маусымда Almaty Horse & Polo Club ат-спорт кешенінде конкурдан Алматы облысының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Дәстүрлі жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 50-ден астам спортшы қатысып, әртүрлі деңгейдегі бағыттарда бақ сынайды. Турнир барысында шабандоздар мен аттардың үйлесімділігі, шеберлігі, жылдамдығы және дәлдігі сыналады.

Жарыс бағдарламасында:

  • Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағыттар;
  • Балалар, жасөспірімдер және әуесқой шабандоздардың өнер көрсетуі;
  • Чемпиондық атақ үшін тартысты бәсеке;
  • Ат спорты мерекесінің ерекше атмосферасы.

Конкур – шабандоз бен аттың өзара сенімі, жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді әрекетін талап ететін олимпиадалық ат спорты түрі.

Өтетін күні: 27 маусым 2026 жыл
Басталуы: 10:00
Өтетін орны: Almaty Horse & Polo Club
Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы.

Барша ат спорты жанкүйерлерін жарысты тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырамыз.