Аймақ

Алдағы күндері ауа райы күрт суытады - Қазгидромет

14:12, 08 желтоқсан 2025 81

«Қазгидромет» РМК осы аптада ауа райының күрт нашарлайтынын ескертеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Синоптиктердің айтуынша, ел аумағынан солтүстік-батыс циклоны өтетіндіктен, қар жауып, боран соғады, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Алайда 9 желтоқсанда антициклонның келуімен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды.

Еліміздің бірнеше облысында аяз көтеріледі:

9 желтоқсанда Ақтөбе облысында ауа температурасы –13…–18°-тан –20…–25° аязға дейін түседі;

Қостанай және Ақмола облыстарында 9–10 желтоқсанда –22…–27°, кей жерлерде –30° аяз күтіледі;

Солтүстік Қазақстан облысында осы күндері –25…–30° аяз болжанады;

Павлодар облысында 9–11 желтоқсанда –20…–25°-тан –25…–30°-қа дейін төмендейді;

Қарағанды облысында 9–10 желтоқсанда аяз –15…–20°-тан –22…–32°-қа дейін күшеюі мүмкін;

Елдің шығысында 10–11 желтоқсанда –25…–30° аяз болады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз