Аймақ

Алматыда экотуризмді дамыту бағытындағы ауқымды жоспарды таныстырды

16:11, 10 желтоқсан 2025 15

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Халықаралық таулар күніне орай «Алматы тауларының болашағы: экожүйе, қауіпсіздік, экотуризм» атты баспасөз конференциясы өтті. Оған «Қазгидромет» РМК өкілдері, альпинист-құтқарушылар мен Туризм басқармасының инфрақұрылым бөлімінің меңгерушісі Даурен Ерғалиев қатысты. Ол 2024–2025 жылға арналған экотуризмді дамыту мен тау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейтін ауқымды жоспарды таныстырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жоспарға 850 шақырымнан астам сүрлеуді абаттандыру, жаңа кемпинг аймағын құру, шықандарды есептейтін автоматты құрылғы орнатып, танымал бағытта қауіпсіздікті күшейту кірген. Туризм басқармасы таулы жердің экожүйесін дамытатын жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазір 1000 шақырымнан астам бағыт цифрлық жүйеге енгізіліп, олар 2Gis қосымшасына кірді. 850 шақырымнан астам сүрлеу абаттанып, 13 кемпинг аймағы демалыс үшін арнайы жабдықталыпты.

Біздің мақсатымыз — табиғи балансты бұзбай, тауларды барынша қауіпсіз ету, — деді Даурен Ерғалиев. 

Оның айтуынша, Медеу, Шымбұлақ, Тұйық-Су, Бутаковка, Қимасар және «Алма-Арасан» термалды бұлағы аймағы сияқты танымал бағыттарды жаңартуға ерекше көңіл бөлініп отыр.  2024 жылы жалпы ұзындығы шамамен 100 шақырым болатын он бағыт абаттандырылды. Биыл «Алма-Арасан» термалды бұлағына апаратын 775 метрлік сүрлеу толық жаңарды: беткейлер металл торлармен нығайтылып, көпірлер қайта құрылды, жаңа тақтай төселіп, баспалдақтар салынып, демалыс аймақтары мен шағын сәулеттік элементтер орнатылды.

Бұлақтың өзінде де инфрақұрылым жаңартылды. Осылайша, тау аймағының негізгі нүктелерінде абаттандырылған бағыттардың жүйесі қалыптасты. Ерғалиевтің айтуынша, танымал бағыттардың жүктемесі арта бастаған, сондықтан сүрлеулер желісін дамыту жұмысы жалғасады. Ең көп пайдаланылатын жерлер жаңартылып, қауіпті аймақтар жойылып, туристерді біркелкі тарату үшін балама бағыттарды дамытқалы отыр.

Біздің тәсіліміз — тек жаңа бағыт ашу емес, сонымен қатар бар бағыттың сапасы мен қауіпсіздігін арттырып, бәріне ыңғайлы ету, - деп атап өтті ол. 

Навигация да жақсартылады: бағыттаушылар, түсті таңбалар, ақпараттық тақтайшалар, бағыт схемалары, бақылау алаңдары, беседкалар мен демалыс платформалары орнатылған. Цифрлық кеңістікте барлық маршруттар 2Gis жүйесінде қолжетімді, бұл туристерге сапарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Үлкен Алматы шыңы, К.Сатпаев шыңы мен Жастар шыңы сияқты үш негізгі шыңда кіріп-шығатындарды да есептеп отыратын болды. Қиындау жерлерде жаңа кемпинг аймақтары құрылып жатыр. Сол жақ Талғар шатқалы, Күнгі алқап пен Өтпелі шатқалда, мысалы. Олар күн панельдерімен, ағаш тақтаймен, үстелдермен, беседкалармен,   ақпараттық тақталармен жабдықталған. Бұл келушілерге  демалуға мүмкіндік береді, ашық лагерьлердің қаупі пен табиғатқа зиянды әсерді азайтады.

Сонымен қатар, Тұйық-Су, Қимасар мен Қүміссу бұлақтарында су алатын аймақтар абаттандырылды, бұл қауіпсіз ауызсуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 2550 метр биіктіктегі Фурманов шыңындағы әткеншектер де жаңартылды.

2025 жылы «Алма-Арасан» нысанын жаңарту, үш кемпинг аймағын құру, кіріп-шыққандарды есептейтән құрылғы орнату, он бағытты абаттандыру мен су алатын нүктелерді жабдықтау сияқты негізгі жобалар жүзеге асады. Бұл іс-шаралар қауіпсіздікті арттырып, қызмет сапасын жақсартып, антропогендік жүктемені азайтуға бағытталған. Келер 3–5 жылда қалада барлық басым бағыттар желісі қалыпты жағдайға келтіріліп, санитарлық және рекреациялық аймақтар дамытылып, цифрлық сервистер кеңейтіліп, қоршаған ортаны қорғау жағы күшейтіледі.

Туристік ағындарды таратуға, тауда жауапкершілік мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылады. Ұлттық парк, құтқарушылар және экологиялық қызметтер бірлесіп бақылауға көші, қауіпсіздікті арттыра түспек. Жүзеге асып жатқан жобалар экотуризмді ары қарай дамытуға тұрақты негіз қалыптастырып, қатар Алматы тауларының ерекше табиғи ортасын сақтауға атсалысады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз