Ескелді ауданындағы Алдабергенов ауылында бүгін таңнан бері сайлау учаскелеріне тұрғындар ағылып жатыр, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Ауыл халқы дауыс беруге отбасымен де, көрші-қолаңымен де келуде. Жұрт үшін бұл - өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық өміріне үлес қосатын маңызды күн.

Ауылға есімі берілген Нұрмолда Алдабергенов - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Жетісудың ауыл шаруашылығы саласына елеулі еңбек сіңірген тұлға.
Бүгінде оның туған жерінің тұрғындары да ел үшін маңызды таңдауға белсенді атсалысып отыр.