Жетісу облысының көрікті мекендерінің бірі – ғажайып табиғатымен танымал Алакөл көлінің жағалауында жазғы маусымның ең ауқымды мәдени- ойын-сауық шараларының бірі – «Алакөл толқыны» фестивалі өтеді, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
Фестивальдің басты мақсаты – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кеңінен таныту, Алакөлдің қайталанбас табиғи сұлулығын насихаттау, ішкі туризмді дамыту және тұрғындар мен қонақтарға жоғары деңгейдегі демалыс мәдениетін ұсыну.
Көгілдір көл жағасында ұйымдастырылатын мерекелік шара музыка, өнер, заманауи ойын-сауық бағдарламалары мен көтеріңкі көңіл-күйді біріктіретін ерекше форматта өтеді. Табиғаттың әсем көрінісі мен мерекелік атмосфера үйлесім тауып, қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлайды.
Фестиваль қонақтарын мазмұнды әрі әсерлі бағдарлама күтеді: Интерактивті ойын-сауық бағдарламасы – танымал жүргізушілердің қатысуымен флешмобтар, қызықты ойындар, түрлі байқаулар және көрермендермен белсенді байланыс;
Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концерт – танымал өнерпаздардың жарқын қойылымдары мен ерекше музыкалық кеш;
Ходулистер, тірі мүсіндер және алып ростовой қуыршақтардың шоу-бағдарламасы – көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлайтын театрландырылған қойылымдар;
DJ-сетпен жалғасатын би кеші – заманауи әуендер мен мерекелік серпінге толы түнгі бағдарлама;
Салтанатты мерекелік отшашу – аспанды түрлі түске бөлеп, фестивальдің әсерлі қорытындысына айналатын жарқын сәт.
«Алакөл толқыны» – табиғаттың таңғажайып көрінісін, мәдениет пен заманауи демалысты біріктіретін бірегей жоба. Фестиваль Алакөл жағалауының туристік мүмкіндіктерін кеңінен танытып, Жетісу өңірінің мәдени және демалыс бағытындағы әлеуетін арттыруға бағытталған.
Бұл шара тұрғындар мен қонақтарға жаңа әсер, көтеріңкі көңіл-күй және жазғы демалыстың ерекше атмосферасын сыйлайтын жарқын туристік оқиға болмақ.