$ 463.41
 546.27
 6.18

Ақтөбе облысында жұмыстан өз еркімен кеткен ауыл әкімінің өлі денесі табылды

Редактор
06.05.2026, 15:50
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қайғылы жағдайға не себеп болғаны анықталып жатыр

Ақтөбе облысы, Темір ауданындағы  Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанов өз үйінен өлі табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, 4 мамыр күні Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі жұмыстан өз еркімен кету жайында өтініш жазған. 5 мамырда оның арызына қол қойылған. Алайда бүгін таңда Қуанышбек Серікжановтың өз үйінен өлі денесі табылды.  

Өңірлік полиция департаменті 1983 жылы туған ер адамның қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.Тергеу мүддесіне байланысты ведомство өзге ақпаратты жариялаған жоқ. Қуанышбек Серікжанов 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметте, ал 2023 жылдан бері Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.