$ 467.98
 533.87
 6.11

Ақтауда дәмханада атыс болды: Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Редактор
10.07.2026, 09:06
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Полицияның хабарлауынша, екі адам арасында жанжал туындаған.

Ақтауда дәмханалардың бірінде келушінің бетіне "Аңшы сигналы" қаруынан оқ атылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оқыс оқиға 8 шілдеге қараған түні болған.

Бейнебақылау жазбасына қарағанда, жазғы алаңға кіріп келген ер адамның сөмкесінен зат шығарып, оны келушіге бағыттағаны анық көрінеді.

Полицияның хабарлауынша, екі адам арасында жанжал туындаған. Жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау